fbpx
 
Компания туралы

«Борусан Қазақстан» 1944 жылы алғашқы қызметін бастаған «Борусан» атты түрік конгломератының бір бөлігі болып табылады. «Борусан» компаниялар тобы әлемнің 10 елінде қызмет көрсететін, 8000 адамы бар бірыңғай кәсіпорындар одағына дейін өсті.
Сауатты басшылықтың, білікті мамандардың және пайдалы іскерлік серіктес болуға ұмтылыстың арқасында Борусан 2017 жылға дейінгі кезеңде келесі салаларда жұмыс қызметін жүзеге асыратын компаниялар арасында көшбасшылар қатарына кіреді:

  1. Орамдарда суықтай илектеу құбырлар мен болат өндіру
  2. Дилерлік
  3. Логистика
  4. Энергетика

SEM және Cat®ресми дилерлігі Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Ресейдің қиыр шығысындағы аумақтарда ұсынылған.

«Борусан Қазақстан» бүгін

«Борусан Қазақстан» компаниясы көрсететін толық қызмет түрлері: техниканы таңдау бойынша кеңес беру, жабдықтарды жеткізуден бастап кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен жабдықтау, превентивті техникалық процедураларды өткізу және өз орталықтарында сервистік қызмет көрсетуге дейін. Компанияның филиалдары мен байланыс пунктілері қызметкерлерінің жалпы саны 1000- адамнан асатын ҚР-ның 20-дан астам қаласында орналасқан.
«Борусан Қазақстан» компаниясы өзінің қызметімен экономиканың 3 негізгі секторын қамтиды:

  • Тау-кен өндіру
  • Құрылыс
  • Мұнай-газ

Компания SEM және Cat техникасының толық модельдік қатарын ұсынады және ҚР аумағында жалпы құны $ 30 000 000- болатын қосалқы бөлшектері бар 24 қойманы қамтамасыз етеді. «Борусан Қазақстан» өзінің тапсырыс берушілеріне келесі қызметтерді ұсынады.

SEM бренді жайлы

1958 жылы құрылған ShandongEngineeringMachinery зауыты (қысқартылғанда SEM) 50 жылдан астам уақыт бойы SEM маркасымен дөңгелекті тиегіштерді өндіреді. 2003 жылы компания акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
2008 жылдан бастап Caterpillar (Qingzhou) Ltd. Caterpillar компаниясының 100% еншілес кәсіпорнына айналды. 2013 жылы SEM компаниясы Caterpillar (Qingzhou) Ltd деп аталды. (қысқартылғанда CQL) және SEM маркасымен өнім шығаруды жалғастырды.
SEM Caterpillar брендтерінің бірі болды, ол құрылыс және машина жасау сияқты салаларда тапсырыс берушілердің үлкен санына қажетті көмек көрсетеді.
Caterpillar (Qingzhou) Ltd. компаниясы Шаньдун провинциясының шығысында Цинчжоу қаласында орналасқан, оған ннегізгі автомагистральдармен оңай жетуге болады.
Caterpillar толық меншігіндегі еншілес кәсіпорын ретінде CQL SEM брендімен өнім өндіруді: доңғалақ тиегіштері, жол катоктары, автогрейдерлер мен бульдозерлер, сондай-ақ жол машиналарына арналған жинақтаушылар, жұмыс құралдары мен Cat 950 GC тиегіштерін өндіруді жоспарлап отыр.
Жергілікті билік органдарының қолдауымен CaterpillarQingzhou компаниясы өндірістік желілер мен өндірістің басқа да негізгі компоненттерінің қуатын арттыру үшін өз кәсіпорнына жақын жерде жер учаскесін сатып алды.
Қытайда және басқа да өсіп келе жатқан нарықтарда өзінің бәсекелестік артықшылығын күшейту үшін Caterpillar компаниясы 2009 жылдан бастап инвестиция көлемін үнемі арттырып, CQL өндірістік қуатын кеңейтіп отырды.
Caterpillar Циндаодағы әлемдік деңгейдегі ғылыми-өндірістік орталық құрылысына үлкен ақша қаражатын инвестициялады. Бұл орталық нарықта клиенттердің түрлі санаттарының талаптарын қанағаттандыратын инновациялық өнімді үздіксіз әзірлеу үшін бүкіл әлемде танылған CQL зерттеушілері мен ғылыми-өндірістік мамандарының күш-жігерін біріктірді.

 

Калькулятор лизинга Калькулятор лизинга