fbpx
ӨНІМ
сервис
зерттемелеріне негізделген Cat®

Сериясы: D сериялы дөңгелекті тиегіш

Пайдалану шарттары: ауыр жұмыс шарттарына арналған

Жүк көтергіштігі: 5 тонна

  • Динамикалық салқындатылатын айналымы төмен қозғалтқыш пайдалану тиімділігін арттырады
  • Жетілдірілген отынды алдын ала тазартуға арналған фильтр суды, механикалық қоспаларды шығарып, отын жүйесін қорғайды
  • Ауа тазартқыш ең ауыр жұмыс жағдайларында  тиегіштің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді
  • Жүктеме бойынша кері байланысы бар жетілдірілген гидравликалық жүйесі қуат ағынын бөліп,   жұмыстың тиімділігін арттырады
  • Әлемдік стандарттар негізінде жасалған гидравликалық құрамдауыштар жоғары тиімділікке ие болады
  • Трансмиссиямен бірлесе жұмыс жасайтын оңтайландырылған гидравликалық жүйе машинаның жұмыс циклының ұзақтығын қысқартады және өнімділікті арттырады
  • Шолу аумағы кең кабина оператор үшін қолайлы
  • Ашылатын терезе және таза ауа беретін кондиционер оператор үшін жайлылығын арттырады
  • Джойстик көмегімен гидравликалық басқару операцияны орындау дәлділігі мен қолайлылығын қамтамасыз етеді
  • Үш деңгейлі дабылдамасы бар көп қызметті құралдар тақтасы
  • Аспасы реттелетін кресло
  • Жетілдірілген негізгі құрамдауыштар бар көп білікті қорап жоғары тиімділікке кепілдік береді
  • Бірінші берілістегі үлкен тарту күші және екінші берілістегі жоғары жылдамдық арту және тасымалдау жұмыстарын орындау барысында жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді
  • Тіркестірудің жұмыс режимдерін ауыстырып қосу тұрақты және қауіпсіз жұмысқа мүмкіндік береді
  • SEM компаниясы жобалаған және жасаған белдіктер саладағы ауыр жұмыс режимінде үздік өнімділікті қамтамасыз етеді
  • Стандартты конфигурациядағы салқындату жүйесі қоршаған орта температурасы 43 °С дейін болғанда, ал қосымша салқындату жүйесі 50 °С дейін тиегіштің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді
  • Радиаторлар ауыр жұмыс жағдайында тиімділікті қамтамасыз ету үшін амортизаторларға монтаждалған
  • Қызмет мерзімін арттыру үшін құрастырма бөлшектер ұштық элементтер әдісімен (FEA) және жұмыс жүктемелерін талдау арқылы (OMSA) тексеріледі
  • Performance Series (PS) шөміштері жоғары сыйымдылығымен ерекшеленеді
  • Орталықтандырылған майлау нүктелері техникалық қызмет көрсету уақытын азайтады
  • Гидрожүйедегі қысымды өлшеуге арналған стандартты порттар
  • Әуе жүйесінің сыртқы порттары бойынша қарапайым қол жетімділік
  • Капоттың ашылатын торы арқылы мотор бөліміне оңай қол жетімділік
  • Гидротрансформатордың беріліс қорабынан жеке орналасуы оған қызмет көрсетуді жеңілдетеді
  • Тиегіш құрылымы жұмыс қауіпсіздігінің барлық нормативтеріне сәйкес келеді
  • Операторға қолайлы болуы үшін машина құрылымында кабинаға көтерілу барысында 3 тіреу нүктесі қарастырылған
  • Артқы жүріс сигналы, дыбыстық сигнал және жарқыл шамдары жақын жердегі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
  • Машинаны дайындау барысында Caterpillar® Production System (CPS) жүйесі қолданылады
  • Экологиялық зиянсыз бояу процесі
Читать далее →
ПОЗИЦИЯБӨЛІМПАРАМЕТРЛЕР
Негізгі техникалық сипаттамалары
Номиналды жүк көтергіштігікг5 000
Стандартты шөмішпен пайдалану массасыкг17 100
Шөміш көлемім³2.7-4.5
Дөңгелек базасымм3 300
Ауқымды өлшемдері (ұзындығы х ені х биіктігі)мм8 396 x 2 963 x 3 456
Пайдалану сипаттамалары
Жұлқу күші (топырақ деңгейінде)кН173
Түсіру биіктігімм3 113
Жақтаудың топсалы бунақтарының бұрылу бұрышы°38 ± 1
Трансмиссия
Беріліс қорабының типі Көп білікті, жүктемемен ауысатын
Алға/артқа беріліс саны 4 алға, 4 артқа
Гидротрансформатор типі Бір сатылы үш элементті
Беріліс қорабының моделі SEM TR200
1 жылдамдық (алдыңғы, артқы)км/с8.6/8.6
2 жылдамдық (алдыңғы, артқы)км/с16.0/16.0
3 жылдамдық (алдыңғы, артқы)км/с25.0/25.0
4 жылдамдық (алдыңғы)км/с43.0/43.0
Белдік
Белдік моделі SEM SO32
Басты беріліс типі Оралма тәрізді тістері бар бір сатылы конус тәрізді беріліс
Бортты редуктор типі Планетарлы, бір сатылы
Артқы белдіктің шайқау бұрышы°± 11
Қозғалтқыш
Моделі WD10
Қозғалтқыштың номиналды қуатыкВт162
Номиналды айналу жылдамдығыайн/мин2 000
Көлеміл9.726
Жұмыс құрылғысының гидравликалық жүйесі
Жұмыс құрылғысының гидрожүйесінің типі Бір сатылы, ағыны бөлінген жүйе жүктемесіне сезімтал
Жебені көтеру уақытыс5.13
Толық жұмыс циклы уақытыс9.3
Жүйедегі қысымМПа18
Тежегіш жүйесі
Негізгі тежегіштер Құрғақ, дискілі пневмогидравликалық суппорттары бар
Тұрақ тежегіші Барабанды  тежегіш шарғылары бар, гидротежелетін  серіппелі тартпасы бар
Рөлдік басқару
Жүйе типі Гидрокүшейткіші бар
Рөлдік механизмнің сорғышы типі Піспекті сорғыш
Гидротартпадағы қысымМПа16
Бұру бұрышы (С/О)°38 ± 1
Шиналары
Типі Диагональ
Өлшемі 23.5 — 25
Қабаттылығы 16
Протектор типі L3
Толтырылатын ыдыстар
Отын багыл252
Гидравликалық жүйел140
Тапсырыспен берілетін құрылғылар
Ұзартылған жебе  
Кабинаға арналған жылытқыш және кондиционер  
Ауыстырылатын жұмыс құрылғысы  
ROPS/FOPS (аудару барысында қорғау жүйесі/құлаған заттардан қорғау құрастырмасы)  
Құрылғыны жылдам алмастыру құралы  
Читать далее →
0
%

* - решение о размере первоначального взноса и процентной ставки кредитования, принимаются в каждом случае индивидуально, в расчетах приведены среднестатистические данные.

№ П/ПЕжемесячная сумма платежа
Данные пока отсутствуют
Сумма переплаты 0
Общая сумма выплат 0

Оставить заявку

Мен ЖШС ЖК "Борусан Макина Казахстан" и "Катерпиллар Файнэншл" компаниярдың менің дербес деректерімді өңдеуімен келісемін

Калькулятор лизинга Калькулятор лизинга